Балқан түбегінде исламның таралу мәселесі – тарихшылар арасында әлі де бір ортақ пікірге келмеген тарихи мәселе болып қала беруде. Бұл зерттеу мақаласында мен XVI ғасырдағы Осман саясаты нәтижесінде исламның Қаратау (Черногория) аумағында қалай таралғанын зерттедім. Зерттеу негізінен Осман мемлекетінің сол дәуірдегі ресми құжаттары – Искендерие Муфассал Дафтары мен Мюхимме дефтеріне сүйенеді. Зерттеу нәтижесінде мен ислам дінінің Черногорияға таралуы алдымен әскери және азаматтық шенеуніктер арқылы, әсіресе Черногория бекіністерінде қызмет атқарған мұсылман осман әскерлері арқылы жүзеге асқанын анықтадым. Черногорияда ислам көбіне келісіммен таралды деу қиын. Осман билігі жергілікті халықтың ислам дінін өз еркімен қабылдауына арналған арнайы саясат жүргізгенге ұқсайды. Олар исламды орнықты ету үшін жаңа мұсылмандарға салықтан босату, лауазымдар мен атақтар беру, жер иелену мүмкіндігін ұсыну, Венеция мен католик шіркеуінің жергілікті халыққа қысымын азайту, сырттан мұсылман халықты көшіру, сондай-ақ зәуиялар мен мешіттер сияқты қайырымдылық мекемелерін ашу арқылы әрекет еткен. Алайда, осы шараларға қарамастан, ислам Черногорияда қатты қарсылыққа тап болды, әсіресе Венеция мен жергілікті ескі феодалдық әулеттер тарапынан.
XVI ҒАСЫРДАҒЫ БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ ЧЕРНОГОРИЯНЫҢ ИСЛАМДАНУЫ
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Mehmet Akif Erdogru 2025. XVI ҒАСЫРДАҒЫ БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ ЧЕРНОГОРИЯНЫҢ ИСЛАМДАНУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.009.