Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӘБІЛМӘМБЕТ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ТАРИХЫНАН

Жарияланған March 2026

1

2

ЗКУ им.Утемисова
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Аңдатпа

Мемлекеттік құрылыстың күрделі үрдісінде дипломатиялық қызмет маңызды роль алады. Әсіресе дипломатиялық қызметтің қалыптасуы қазақ хандығы тұсында айқын көрініс алды. Әлемдік жүйеде өзіндік орын алған мықты мемлекеттермен қатар Қазақ хандығының халықаралық қатынастары мен сыртқы дипломатиясы мемлекеттіліктің және оның тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші болып табылды.Ол қазақ хандығында билік құрған хандардың құзыреттілігіне енді және елдің адамдары да, көрші мемлекеттер де сөзсіз мойындайтын артықшылық болып табылды.

Осыған орай мақалада ел халқының тарихи даму жолында өзінің ізін қалдырған жеке тұлғаның қызметін зерттеу арқылы үлкен гуманистік міндетті жүзеге асыру міндеті қойылды.Себебі тарихи тұлғаға ұлттық көзқарас тұрғысынан баға беру ұлт тарихын құрметтеу мен отаншылдық сезімді қалыптастырады десек, сондай зерттеу обьектісіне айналдыруға болатын тұлғаның бірі – Әбілмәмбет хан.

Сондықтан мақалада авторлар ХҮІІІ ғасырдағы ел билеген тарихи тұлға Әбілмәмбет Болатұлының саяси-қоғамдық қызметін ашып көрсететін факторлар ретінде қазақ-орыс, қазақ-жоңғар қатынастары, ондағы хан мақсаты, оның орта жүздің саяси-әлеуметтік жағдайына әсері,Кіші жүзбен өзара байланыстар, патшалықтың арнайы жіберілген шенеуніктері мен қазақ ақсүйек тобы өкілдерінің қызметіне талдау жасайды.Мақаланың жаңашылдығы бұл Әбілмәмбет ханның сыртқы саясатын жекелей алып қарастырған қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады.Нәтижеде авторлар Әбілмәмбет ханның сыртқы саясатының ерекшеліктері мен көпқырлығын нақты мысалдармен  анықтайды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Zhurasova А. і Myrzabayeva, B. 2026. ӘБІЛМӘМБЕТ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ТАРИХЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.030.