Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СОЗАҚ

Жарияланған March 2026

3

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Аңдатпа

Созақ – қазақ тарихындағы ірі ортағасырлық қалашықтардың бірі. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының арасында Созақтың орны айрықша. Бұл ескерткіш Қазақ хандығы дәуірінде рухани-мәдени, экономикалық, стратегиялық әрі саяси мәнге ие орталық ретінде танылған. Қала туралы алғашқы деректер XIII ғасырдың басынан бастап жазба көздерде ұшырасады. Ең алғаш рет Созақ жайында Армян патшасы Гетумның Моңғолияға жасаған сапарында айтылған мәліметтер белгілі. Кейінгі кезеңдерде бұл қала жөніндегі деректер Ресей империясы мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастарға қатысты жазба мұраларда жиі кездеседі. Әсіресе XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейінгі жазба естеліктерде Созақ туралы бағалы мәліметтер молынан сақталған.

Ортағасырлық дереккөздерге сүйенсек, Созақ Қаратаудың теріскей беткейін бойлай өткен керуен жолының маңызды тармағында орналасып, Шығыс пен Батысты жалғаған сауда жолының түйінді нүктесі болған. Алайда қаланың қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері жайында тікелей жазба деректер сақталмаған. Осы олқылықты толтыруда археологиялық зерттеулердің орны айрықша. Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша, қаланың орны екі бөлек нүктеде болғаны анықталды. Оның алғашқысы – Тарсатөбе (б.з.д. III ғасыр – б.з. IX ғасыры), ал кейінгісі – Өрқақпа (XII–XIX ғасырлар). Бұл екі нысанның екеуі де қазіргі Созақ ауылының аумағында орналасқан және мерзімдік тұрғыдан бірін-бірі толықтырып, үздіксіз жалғасып отырған.

Зерттеулерге сүйене отырып, Тарсатөбе мен Өрқақпаны бір қаланың екі дәуірлік кезеңі ретінде қарастыруға негіз бар. Осы мақалада қолда бар археологиялық айғақтар негізінде аталған екі төбенің біртұтас тарихи-мәдени кешен екенін дәлелдеуге бағытталған ғылыми пайымдар ұсынылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Молдахмет, А., Талеев, Д. і Есен, С. 2026. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СОЗАҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.019.