Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОҒЫЗДАРДЫҢ ОРНАЛАСУ АРЕАЛЫ ЖӘНЕ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Жарияланған December 2025

6

4

Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Аңдатпа

Белгілі бір ру-тайпалардың мекен еткен жер-су атауларын, тарихи топонимдердің қалыптасу тарихын халықтың этникалық тарихы мәселесін зерттеуде басшылыққа алу өзекті тақырыптардың қатарынан саналады. Топонимикалық атаулар тарих, география, әдебиет, фольклор тәрізді бірнеше ғылым саласымен байланысты болғандықтан да кешенді зерттеу жүргізу құнды нәтиже берері сөзсіз. Зерттеудің өзектілігі – оғыздардың Еуразиядағы этникалық процестерге қосқан үлесін айқындау және тарихи топонимдерді жаңа қырынан зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оғыз тайпаларының көші-қон ареалын тарихи-географиялық тұрғыдан анықтау және сол кеңістікте сақталған жер-су атауларының тарихи, этнолингвистикалық мазмұнын ашу. Міндеттері: тарихи деректерді жүйелеу негізінде оғыздарға қатысты топонимдердің шығу тегін талдау, этникалық тарих контексінде бағалау. Осыған байланысты мақалада оғыздардың мекен еткен территориялары тарихи-жазба деректермен негізделе отырып, фольклорлық деректер арқылы қала атауларына талдаулар жасалады. Нәтижелер. Жүргізілген талдау нәтижесінде оғыздардың орналасу аймақтары жүйеленді. Көптеген жер-су атаулары оғыздардың этномәдени ықпалын сақтап қалғаны анықталды. Сонымен қатар, топонимдердің тарихи қабаттары арқылы оғыздардың саяси және мәдени байланыстары айқындалды. Қорытынды. Мақалада қарастырылған материалдар оғыздардың этникалық тарихын терең түсінуге мүмкіндік береді. Жер-су атаулары тарихи жадының бір бөлігі ретінде түркі халықтарының ортақ мұрасын танытады және болашақтағы этнотарихи зерттеулер үшін маңызды дереккөз болып табылады.

PDF (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Koshymova, A. і Nogaibaeva, M. 2025. ОҒЫЗДАРДЫҢ ОРНАЛАСУ АРЕАЛЫ ЖӘНЕ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.020.