Мақалада Қазақ спортының Отан соғысы жылдардағы күрделі де қатаң сынға толы даму үрдісі қарастырылды. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында біріншіден, физкультура және спорт саласындағы Кеңестер елінің, соның ішінде Қазақстанның, бетбұрыстық саясаты анықталды. Екіншіден, қайта құрулардың бірнеше бағыттары (жалпы қоғамдық-саяси және дене шынықтыру-қорғаныстық бұқаралық шараларды өткізу; жас жеткіншектермен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасау; қорғаныстық, қоғамдық кадрлар мен ГТО белгілері иеленушілерді дайындау, олардың қажырлы еңбектері; госпитальдардағы сан-салалы іс-әрекеттер және т.б.) ажыратылып анықталды. Үшіншіден, республикалық ерікті спорт ұйымдарының (негізінен «Спартак») отты жылдардағы белсенді іс-қызметтері сараланды. Төртіншіден, республиканың орта, орташа және жоғары мектептеріндегі бастапқы және әскерге дейінгі әскери-физикалық дайындық жұмыстарының нәтижелері пайымдалды. Бесіншіден, Қазақстанның соғыс жылдарындағы тау атқыштарын даярлау орталығы және альпинистердің ортаазиялық бапкерлер мектебі ретіндегі рөлі бағамдалды. Алтыншыдан, қазақстандық спортшылардың майдан далаларындағы жауынгерлік ерліктері толымды етіп қарастырылды. РКФСР-ның басты қалаларында (мәс., Ленинградтағы дене тәрбиесі және спорт институты, сонау 1918 жылы Мәскеуде есігін ашқан Ленин орденді Мемлекеттік орталық дене шынықтыру институты, т.б.) соғысқа дейін-ақ спорттық жоғары мектептер құрылып, сонымен қатар әскери училищелер мен педагогикалық жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі кафедраларының орын алуы осы саланың толыққанды әрекет етуіне жол ашқаны белгілі. Ендеше, жетіншіден, Қазақстанның аталған сала жүйесінің материалдық базасының нашарлығы (спорттық объектілерінің аздығы, олардың жабдықталуының төмен дәрежеде қалуы, маман қадрлардың жетіспеушілігі) соғыс жылдарында қиындық туғызғаны назарда ұсталды. Сегізіншіден, республика спортшыларының соғыс жағдайында іс-қызметі негізінен екі бағытта (біріншіден, спортты әртүрлі қорғаныстық жұмыстармен, екіншіден, алғы шепте ұрыс даласында жауынгерлік қимылдармен) ұйымдастырылғандығы негізделді.
ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫ: СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жанганатова, К. і К.А. , Т. 2025. ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫ: СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 86, 2 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.006.
