Мақала 1920–1930 жылдары сайлау үдерісінен шеттетілген азаматтардың санаты-«құқығынан айырылғандар» («лишенцы») жөніндегі кеңестік үкімет саясатының эволюциясын зерттеуге арналған. Негізгі назар осы саясаттың сол кезеңде Қазақ АКСР-інің әкімшілік орталығы болған Алматы қаласында жүзеге асырылуына аударылады.
Зерттеуде «құқығынан айырылғандар» институтының құқықтық негіздері, олардың әлеуметтік құрамы, азаматтық құқықтарын шектеу және анықтау тетіктері қарастырылады. Талдау барысында 1918 жылғы РКФСР Конституциясынан бастап, БОАК-тың қаулылары мен нұсқаулықтары және КСРО-дағы сайлау құқықтарын реттейтін кейінгі нормативтік актілердегі өзгерістерге назар аударылады. Сондай-ақ, бұл саясаттың Алматыда жүзеге асырылу ерекшеліктері: сайлаушылар тізімінен белгілі бір санаттағы азаматтарды шығару әдістері, мұндай шаралардың «құқығынан айырылғандардың» әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері және жергілікті халықтың реакциясы қарастырылады. Зерттеудің дереккөздік негізін заңнамалық актілер, мұрағаттық материалдар, кеңес өкіметі органдары отырыстарының стенограммалары мен статистикалық деректер құрайды.
