Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы)

Жарияланған September 2025

0

0

НАО "Университет им Шакарима г.Семей"
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Моңғолия қазақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және дәстүрлі мал шаруашылығы даму тарихына талдау жасау. Алтайдың күншығыс бетіне қоныс тепкен Моңғолиядағы қазақтар біртұтас қазақ әлемінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Бүгінде әлем бойынша қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдің бірі Моңғолиядағы қазақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына және шаруашылығы мен мәдениетіннің даму ерекшелігін тарихи тұрғыда сараптауға басты көңіл бөлініп отыр. Шетелдік және отандық тарихнамада Моңғолияға қазақтардың қоныстануы, әлеуметтік және саяси тағдыры туралы ғылыми еңбектерде негізінен орта жүздің керей, найман, уақ руларының көші XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басына дейін жалғасқандығын көрсетеді.

Моңғолиядағы қазақтардың көп шоғырланған Баян-Өлгей және Қобда аймақтарындағы табиғи жағдайы дәстүрлі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына ықпал етті. Моңғолия қазақтарының әлеуметтік-экономиканың негізі және тіршіліктің көзі мал шаруашылығы болғандықтан, мал басының ұлғайып отырғандығын статистикалық мәліметтер дәлеледейді. Моңғолиядағы қазақтардың 1940 жылы ұлттық аймақ мәртебесін алуы қандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайына және ұлттық құндылықтарын сақтап қалуына ықпал етті. Моңғолияның қазақтар мекендеген Баян-Өлгей аймағының табиғаты елдің әлеуметтік-экономикасының дамуына, төрт түлік мал басын ұлғайтуға қолайлы жағдайыда өз ықпалын тигізді. Баян-Өлгей аймағы – қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы сақталған, ана тілі ең таза сақталған, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті өзінің ежелгі құндылығын жоғалтпаған өңірлердің бірі. Бүгінгі таңда тәуелсіздік алған жылдардан бастап ұлы көштің алғашқылардың бірі болып тарихи отанына оралған моңғолия қазақтары еді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Б.Б. Тoкишкaдиpoв, Б.А. Бақытжанова і К.Д. Садыков 2025. МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 85, 1 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.002 .