Мақалада XVIII-XX ғасырдың басындағы Ресей империясының саяси, әскери және мәдени экспансиясы нәтижесінде Қазақ хандығының шекараларының қалай өзгеріске ұшырағанын және бұл өзгерістердің қазақтардың өмір салтына қалай әсер еткені талданады. Автор қазақ даласының Ресей империясының отарлық ықпалына ұшырау үдерісін зерттеумен қатар жазбаша тарихи деректер мен көрнекі деректерге сүйене отырып, бұл кеңістіктің әлеуметтік, саяси және мәдени мәнін ашуға тырысады. Шекаралық кеңістік, сонымен қатар тоғысу, қарсыласу және бейімделу аймағы ретінде талданады.
XVIII-XX ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына біртіндеп енуі барысындағы шекаралық кеңістікте өмір сүріп жатқан қазақтардың өміріндегі аса ауыр жағдайлар мен жаңа өзгерістерге қазақтардың бейімделуі олардың кәсібі, шаруашылығы, сауда-саттық саласы арқылы ашылып баяндалады.
Ресей империясының Қазақ жерлерін басып алғаннан кейін, Қазақ жерінде жүргізілген әкімшілік-аумақтық реформалардың зардаптарын ашумен қатар, бұл саяси экономикалық өзгерістердің шекаралық кеңістік аймағындағы қазақ халқының дәстүрлі өмір салтына, шаруашылығына, рухани дүниетанымына түбегейлі әсер етіп, жаңа тарихи өмірдің қалыптасқандығы жан-жақты талданады.
