Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТҮРКИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ ОҚЫТЫЛУ ЖҮЙЕСІ

Жарияланған September 2025

0

0

Alikhan Bokeikhan
Аңдатпа

Зерттеуде Түркия Республикасының орта білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің оқытылу жүйесі методологиялық тұрғыдан талданды. Атап айтқанда, тарих пәнінің оқу бағдарламасының құрылымы, оқыту әдістері, қолданылатын оқулықтар, бағалау жүйесі, сондай-ақ пәнаралық байланыстар мен әдістемелік ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу барысында сапалық, мазмұндық талдау, тарихи-салыстырмалы және педагогикалық бақылау әдістері қолданылды. Түркия мектептеріндегі 5-7 сыныптарға арналған «Әлеуметтік білім» оқулығы мен 8 сыныпқа арналған «Түркия Республикасының реформалар тарихы және Ататүрікшілдік» оқулығына құрылымдық және мазмұндық сараптама жасалып, олардың ұлттық және жаһандық тарихи көзқарасты қалыптастырудағы рөлі бағаланды. Сондай-ақ, мазмұндық талдау әдісі оқу бағдарламалары мен оқулықтардың құрылымын зерттеуге бағытталды. Құжаттық талдау әдісі арқылы Түркияның ұлттық білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары зерделенді. Зерттеу нәтижесінде тарих пәнінің Түркиядағы ұлттық білім беру бағдарламасының ажырамас бөлігі ретінде оқытылу ерекшеліктері анықталды. Тарихты оқыту үдерісі оқушылардың тарихи жадысын қалыптастыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге бағытталғаны айқындалды. Түркия мектептерінде тарих пәнін оқыту әдістері ойлау жүйесін әсер ететіндігі анықталып, тарих пәнінің әдістемелік қырларына ғылыми сараптама жасалды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Mamyrbekov M.A. і Orazbaeva E.E. 2025. ТҮРКИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ ОҚЫТЫЛУ ЖҮЙЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.021.