Кіріспе. Білім алушының тарихты оқуға ынта ықыласының артуы, отансүйгіштік құндылыққа бағдарлануы көптеген факторларға байланысты. Осылардың ішінде тарихты оқыту әдістері мен тәсілдері білім меңгерту мен құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – жоғары оқу орындарында тарих пәнін, оның ішінде «Қазақстан тарихын» оқыту әдістерін пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Осыған сәйкес тарихты оқыту әдістерін білім беру үдерісіне қатысушылар тұрғысынан жүзеге асырылатын оқыту (педагогтың әрекеті) және оқу (білім алушының әрекеті) әдістерін талдау, білім алушылардың іс-әрекетін басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тетіктерді анықтау сынды міндеттер шешіледі. Нәтижелер: Тарихты оқыту әдістері бойынша ғылыми және педагогикалық әдебиеттер зерделенді, мектептегі және ЖОО тарих пәнін оқыту бойынша оқу жұмыстары барысы мен оқыту практикасы талданды, ақпараттық технологияларды тарихты оқыту үдерісін экстенсивті жетілдіру тәсілі ретінде пайдалану тиімділігі, тарих пәнін оқытудағы әдістердің ерекшеліктері анықталды және педагогикалық тапсырмалардың тиімді түрлері ұсынылды. Қорытынды: Тарихты оқыту әдістерінің шешуі тиіс міндеттері айқындалды. Педагогтың баяндауы және білім алушылардың дайын білімді (ақпаратты) игеруіне негізделген репродуктивті әдіс пен білім алушылардың өзбетінше іздену іс-әрекетіне негізделген продуктивті әдістердің бағыттары тұжырымдалды.
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
A.K.Zholdas, B.T. Ortayev і М.S. Issayev 2025. ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.022.