Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКІ КЕҢІСТІГІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Жарияланған September 2025

0

0

КазНПУ имени абая
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы білім және ғылым салаларындағы интеграциялық үдерістердің тарихи қалыптасуы, институционалдық негіздері және қазіргі даму перспективалары қарастырылады. Авторлар түркі халықтарының ортақ мәдени-тарихи негіздерін басшылыққа ала отырып, ХХІ ғасырдағы білім беру мен ғылыми кооперацияның жаңа бағыттарын жүйелі түрде талдайды. Мақалада 1992 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңдегі маңызды оқиғалар мен бастамалар хронологиялық және мазмұндық тұрғыдан сараланып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркі академиясы, Түркі мәдениет және мирас қоры, сондай-ақ «Түркі әлемі – 2040» стратегиясы секілді құрылымдардың рөліне ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Сонымен қатар цифрлық білім беру платформалары мен ғылыми ынтымақтастықтың жаңа формалары да зерттеу нысаны ретінде қамтылған.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның бастамашы ел ретінде интеграция процесіндегі жетекші рөлі айқындалды, сондай-ақ ортақ ғылыми және білім кеңістігін қалыптастырудағы болашақ мүмкіндіктері нақты мысалдармен дәйектелді. Мақала түркі елдері арасындағы зияткерлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған ғылыми-талдамалық негіз ретінде ұсынылады. Зерттеу барысында тарихи-хронологиялық, салыстырмалы, жүйелік және контент-талдау әдістері қолданылды. Бұл тәсілдер интеграцияның эволюциясын кешенді түрде ашуға және қазіргі даму үрдістерін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу қорытындысында Қазақстанның интеграциядағы интеллектуалдық көшбасшылық рөлі айқындалды және ортақ ғылыми-білім кеңістігін қалыптастырудағы болашақ мүмкіндіктері дәйекті түрде көрсетілді. Мақала түркі елдері арасындағы зияткерлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған ғылыми-талдамалық негіз ретінде ұсынылады.

pdf (English)