Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ БОЙЫНША ИШАН МОЛДАЛАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (1920-1950 жж.)

Жарияланған July 2025

0

0

ЮКГПУ
Аңдатпа

Мақалада 1920-1950 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан өңірінде ишан-молдалардың Кеңес билігі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырау үдерісі қарастырылады. Кеңес өкіметінің атеистік идеологиясы ислам дінін әлсірету және дәстүрлі діни институттарды жою мақсатында жүргізілді. Осыған байланысты ишандар мен молдалар «ескі қоғамның қалдығы» ретінде айыпталып, олардың діни қызметтері шектелді, қудалауға ұшырап, бас бостандығынан айырылды, жер аударылды немесе өлім жазасына кесілді. Бұл саясат қазақ қоғамының рухани-мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкеліп, халықтың діни санасының әлсіреуіне ықпал етті. Мақалада осы тарихи кезеңді тарих пәнінде оқыту әдістері жан-жақты талданады. Оқушыларға тақырыпты терең әрі шынайы түрде түсіндіру үшін мұғалімдерге түрлі әдістемелік тәсілдер ұсынылады. Атап айтқанда, архив құжаттарын пайдалану, қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу, ауызша тарих (oral history) әдісін қолдану, сұхбаттар мен деректі фильмдер арқылы танымдық сабақтар өткізу секілді тәсілдер қарастырылады. Сонымен қатар, тарихи оқиғаларды оқытудың заманауи және интерактивті әдістері – рөлдік ойындар, пікірталастар, хронологиялық талдаулар, салыстырмалы зерттеулер және жобалық жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушы-лығын арттыру жолдары көрсетіледі. Зерттеу барысында тарихи деректерге негізделген тың материалдар пайдаланылады және мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар беріледі. Бұл материал-дар арқылы оқушылар XX ғасырдың алғашқы жартысындағы күрделі тарихи кезеңнің мәнін түсініп, саяси қуғын-сүргіннің салдарын бағамдай алады. Мақала Оңтүстік өңіріндегі діни қайраткерлерге қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру ісіне үлес қосуға бағытталған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Besbayev M.A. 2025. ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ БОЙЫНША ИШАН МОЛДАЛАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (1920-1950 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.014.