Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТОТАЛИТАРИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫ)

Жарияланған September 2025

0

0

КАТУ им. С.Сейфуллина
Аңдатпа

Мақалада шығармашыл зиялы қауым еңбектеріндегі, атап айтар болсақ, қазақ әдебиетіндегі ұлт мәселесі тарихи тұрғыдан талданады. Сонымен қатар кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері мен оған жасалған идеологиялық ықпал ла назардан тыс қалмаған. Әсіресе, социалистік реализм әдісі шығармашылықтың басты бағытына айналып, зиялылардың туындылары коммунистік идеологияға қызмет етуге бейімделгені атап өтіледі. Мақалада қазақтың заңғар жазушылары мен ғалымдары өз шығармаларын «заман талабына сай» социалистік реализм әдісінде жазғанымен, ұлттық құндылықтарды да айта отырып, келімсектердің ұлттық болмысқа кері әсер еткенін көрсетеді. Кеңестік идеология қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтарды екінші орынға ығыстырып, тың игеру мен социалистік құрылысты дәріптеуге бағытталған шығармаларды қолдады. Дегенмен, мақалада сол кезеңде балалар әдебиеті ұлттық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқарғаны да айтылады. Бұл әдебиетте қазақтың тұрақты сөз тіркестері, нақылдары мен санамақтары кеңінен қолданылып, ұлттық руханиятты сақтауға ықпал еткендігі де зерделенеді. Автор кеңестік идеология қаншалықты күшті болғанымен, қазақ әдебиеті ұлттық болмысын жоғалтпауға тырыстқандығын ділелдермен талдайды. Мақалада осы тарихи кезеңдегі әдеби шығармашылықтың бағыт-бағдары мен ұлттық әдебиеттің сақталуы жолындағы күрес жан-жақты қарастырылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Koskeyeva A.M., Abisheva Zh.R. і Zulfaidar М.А. 2025. ТОТАЛИТАРИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.011.