Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

«ЖАНУАРЛАР МҰРАҒАТЫ»: ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕКАРАЛАРДЫ ЕҢСЕРУ

Жарияланған September 2025

0

0

Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Аңдатпа

Мақалада гуманитарлық ғылымдардағы «жануарларға бетбұрыс» (animal turn) атты бағыт ауысымының нәтижесінде пайда болған «жануарлар тарихы» (animal history) атты жаңа субпәннің қалыптасуы қарастырылады. Мақаланың әдіснамалық негізі өткенді адам-жануар қарым-қатынастары призмасы арқылы зерттейтін «жануарлар тарихы» (animal history) сияқты тарихи зерттеулер саласындағы батыс ағылшын тіліндегі әдебиеттерді талдауға негізделген. Мақала авторлары дереккөздерді сыни тұрғыдан қайта қарау арқылы «жануарлар мұрағаты» түсінігін қарастыра отырып, жануарларды тарих субъектісі ретінде зерттеудің әдіснамалық мәселелерін талдайды. Яғни, антропоцентризмді жеңу, жануарларды тарихи субъектілер ретінде тану және олардың «агенттігін» (agency) мойындау, сонымен қатар тарихи дереккөздердегі жануарлардың «дауысы» мәселелері талқыланады. Этологияны, жергілікті білімді және мәтіндік емес дереккөздерді қамтитын деректерді оқудың пәнаралық тәсіліне ерекше назар аударады. Бұл арқылы империялық және отарлық тарих мысалдарында жануарлардың тарихи үдерістердің белсенді қатысушылары болып табылатыны көрсетіледі. Мақалада жануарлардың экономикалық ресурс, билік нышаны және отарлау құралы ретінде қызмет етуін көрсете отырып, қазақстандық тарих ғылымына жаңа түсінік беру мүмкіндіктерін ұсынады, сонымен қатар бұл тәсілдердің империялық өткенді және көрсетілген мәселедегі адам-жануар қарым-қатынасын тереңірек түсінудегі әлеуетін көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.И. Дуйсебаева і Ж.Б. Кундакбаева 2025. «ЖАНУАРЛАР МҰРАҒАТЫ»: ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕКАРАЛАРДЫ ЕҢСЕРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.015.