Бұл ұжымдық ғылыми басылымда біз XIX ғасырдың соңы – мен ХХ ғасырдың басындағы отаршылдық кезеңдегі революцияға дейінгі бірқатар белгілі орыс зерттеушілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде зерттеуге тырыстық. Олардың Түркістан ғылыми ой-пікірінің дамуына қосқан үлесі айқын көрінеді әрі заңды. Олардың көптеген ғылыми еңбектерінде қазақ халқының тарихы мен этнографиясының негізгі және маңызды аспектілері, атап айтқанда, қазақтардың шаруашылық қызметіне, тұрмысы мен мәдениетіне, көрші халықтармен қарым-қатынасына қатысты мәселелер жан-жақты қарастырылған. Жоғарыда аталған зерттеушілер бірнеше жыл бойы көшпелілердің өмірі мен қызметінің сан қырлы аспектілерін зерттеп, зерделеп, олардың еңбектерінде көшпелі қазақтардың шаруашылық қызметін зерттеу мәселесіне ерекше мән берілді. Қазан төңкеріске дейінгі бірқатар белгілі орыс зерттеушілері өздерінің жеке бақылаулары мен қазақ даласына жасаған саяхаттарына сүйене отырып, қазақ халқының тарихы мен этнографиясының негізгі және маңызды аспектілерін көрсететін көптеген танымдық және қызықты еңбектер дайындап, жарыққа шығарды. Әрине, олардың артына қалдырған мол ғылыми мұрасы келешекте жас әрі болашағы зор зерттеушілер тарапынан зерттеліп, көпұлтты Қазақстанның әрбір тұрғынының ұлттық қазынасына айналатыны сөзсіз.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ОРЫС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бегалиева А.К. і Косанбаев С.К. 2025. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ОРЫС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.017.