Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ: ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ТҰЖЫРЫМДАР

Жарияланған September 2025

0

0

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

Мақалада, Өзбекәлі Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметіне жаңа әдіс-тәсілдер негізінде баға беріледі. Өзбекәлі Жәнібек – ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған қайраткер. Ол ұлттық мәдениетті жаңғырту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және тарихи сананы қалыптастыру бағытында елеулі жұмыстар атқарды. Ө.Жәнібектің қызметін бағалау кезінде дәстүрлі тарихи талдаулармен қатар, жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде тарихи салыстырмалы, құжаттық зерттеу, тұлғатану және нақты тарихилық әдістері қолданылды. Сонымен қатар, оның қоғамдағы орны мен ықпалы заманауи көзқарастар тұрғысынан қарастырылады. Мақалада Жәнібектің мәдени мұрасы мен саяси қызметінің тарихи маңызы айқындалып, оның бүгінгі Қазақстан қоғамына тигізген әсері сараланады. Сонымен қатар, зерттеу барысында архивтік құжаттар, ғылыми еңбектер және замандастарының естеліктері негізінде Ө.Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметіне объективті баға беріледі. Мақалада жаңа әдіснамалық тәсілдер қолдану арқылы Ө.Жәнібек тұлғасының сан қырлы қыры ашылып, оның мемлекет пен қоғам дамуына қосқан үлесі айқындалады. Зерттеу нәтижелері Ө.Жәнібек мұрасын қайта зерделеуге, оның қызметін жаңа тұрғыдан бағалауға және Қазақстанның саяси тарихындағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Өзбекәлі Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметінің заманауи Қазақстан үшін маңыздылығы жан-жақты талданады. Оның ұлттық сананы қалыптастыру, тарихи мұраны жаңғырту және мәдениетті дамыту жолындағы еңбектері қазіргі таңдағы ұлттық бірегейлік мәселелерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, зерттеу барысында Ө. Жәнібектің саяси шешімдеріне ықпал еткен тарихи жағдайлар, оның бастамаларының жүзеге асу барысы мен нәтижелері сараланды. Бұл тәсіл оның тұлғалық ерекшеліктері мен мемлекеттік қызметіндегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Осылайша, мақалада Өзбекәлі Жәнібек тұлғасының сан қырлы қыры ашылып, оның Қазақстан тарихындағы орны мен мұрасын қайта бағалауға негізделген жаңа тұжырымдар ұсынылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қ.С. Каримов 2025. ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ: ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ТҰЖЫРЫМДАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.034.