2024 жылы Күлтөбе қалашығының цитадел бөлігінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. зерттеу жұмыстары барысында 3 құрылыс қабаты аршылып, көптеген саз ыдыс бөліктері жинақталды. Қазіргі таңда жаратылыстану ғылымы саласының зерттеу әдістеріне сүйене отырып, саз ыдыстардың жасалу технологиясын, күйдіру темпрарурасы, сазының химиялық құрамын, шикізаттың алынған орнын және т.б. ерекшеліктерін анықтау мақсатында петрографиялық талдаулар жұмыстары жүргізілуде. Бұл зерттеу әдісі саз ыдыстарды пәнаралық негізде зерттеудің озық үлгісі болып табылады. Күлтөбе қалашығында 2024 жылы жүргізілген зерттеулер барысында алынған саз ыдыстар арасынан он данасына Түркия Республикасының Анкара қаласындағы REDEVIO AR-GE Bilgi ve Operasyon Teknolojileri және Тарихи материал-дарды зерттеу және консервациялау (MAKLAB) зертханаларында петрографиялық талдау жұ-мыстары жүргізілді. Саз ыдыс бөліктерін құжаттау жұмыстары аясында олардың түстері сандық түсті өлшегіш (хромаметр) арқылы, ал қалыңдығы сандық қалыңдық өлшегіш (thicknessmeter) арқылы анықталды. Петрографиялық зерттеулер барысында үлгілердің петрографиялық ерекше-ліктері жұқа кесінділері арқылы оптикалық микроскопиялық талдау көмегімен, ал олардың химиялық құрамы поляризацияланған рентген флуоресценциясы XRF және SEM-EDX талдау әдістерімен зерттелді. Талдау нәтижесінде саз ыдыстардың күйдіру дәрежесі, қалындығы және химиялық құрамы анықталып, шикізат көзінің орны жайында (саздың алынған жері) тұжырым жасалынды.
САЗ ЫДЫС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ (КҮЛТӨБЕ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Жарияланған July 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акиол, А., Сиздиков Б.С. і Гурсой М. 2025. САЗ ЫДЫС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ (КҮЛТӨБЕ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.018.