Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТӘУЕЛСІЗ ҮНДІСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫНА ӘЙЕЛ-КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Жарияланған July 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Аңдатпа

Бұл мақалада тәуелсіз Үндістанның саяси өміріндегі әйел-көшбасшылардың рөлі қарасты-рылады. Олардың мемлекеттік саясаттың қалыптасуына, демократиялық үдерістерге және әлеуметтік реформаларға ықпалына ерекше назар аударылады. Индира Ганди – Үндістанның алғашқы әйел премьер-министрі, Пратибха Патил – елдің алғашқы әйел президенті, Сушма Свараж – жетекші саяси тұлғалардың бірі және басқа да қоғамға зор үлес қосқан әйелдер қызметінің маңызы талданады.

Зерттеу тарихи талдау, статистикалық деректер және салыстырмалы әдістерге негізделген. Әйелдердің саяси салаға қатысу үрдістері, олардың табысқа жетуіне ықпал ететін факторлар, сондай-ақ гендерлік стереотиптер, саяси бәсекелестік және әлеуметтік шектеулер сияқты негізгі қиындықтар қарастырылады.

Сонымен қатар, мақалада билік органдарындағы әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған реформалар мен бастамалар және гендерлік теңдікке арналған халықаралық қозғалыстардың Үндістанның саяси жүйесіне әсері талқыланады. Мақалада 1947 жылы тәуелсіздік алған кезден бастап Үндістанның саяси дамуындағы әйел көшбасшылардың рөлі қарастырылады. Ерекше назар Индира Ганди, Прабха Патель, Майавати және Мамата Банерджи сынды көрнекті тұлғаларға аударылып, олардың елдің ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуына жасаған елеулі ықпалы талданады. Сондай-ақ, әйелдердің демократиялық институттарды нығайтуға, гендерлік теңдікті дамытуға және саяси мәдениетті өзгертуге қосқан үлесі сараланады. Саясаттағы әйелдердің жолындағы кедергілер мен оларды еңсеру жолдары да қамтылады. Зерттеу барысында әйелдердің Үндістан саяси өміріне қатысуы мемлекеттің тұрақты дамуы мен әлеуметтік жаңғыруының маңызды факторы болғаны атап көрсетіледі.

pdf (Русский)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джайнакбаева Г.Т. і Ақылтаева Ж.М. 2025. ТӘУЕЛСІЗ ҮНДІСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫНА ӘЙЕЛ-КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.007.