Мақалада Қарағанды облыстық, қалалық партия комитетінің, еңбекшілер депутаттары қала-лық кеңесінің органы «Социалистическая Караганда» газеті Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде қарастырылған. Зерттеу нысанына облыс еңбекшілерінің тылдағы еңбегі алынған. Авторлардың мерзімді басылымның құрылымына, материалдарының мазмұнына талдау жасауы, зерделеуі негізінде Қарағанды облысының фашизмді жеңуге қосқан үлесі және оған ықпал еткен жағдайлар анықталған. Газеттің халықты майдан үшін біріктірудегі, жеңіске жұмылдырудағы идеялық, ақпараттық орны айқындалған, «Қазақстан комсомолы», «Қазақстан колхозшысы», «Қарағанды колхозшысы», «Қарағанды шахтері», «Қазақстан металлургі» танк колонналарын жасақтаудағы ұйымдастырушылық рөлі көрсетілген. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Қарағанды бассейніндегі көмір өндіру үдерісін көрсетудегі негізгі өзгерістер қадағаланған. Өндіріске, ауыл шаруашылығына озық технология енгізуге, жаңа техникамен жарақтандыруға мүмкіндік болма-ған соғыс жағдайында еңбек өнімділігін арттырудың, негізінен, адам ресурстарының арқасында, атап айтқанда, олардың отансүйгіштік, шыдамдылық, қайырымдылық, төзімділік, ұйымшылдық сияқты жоғары моральдық сапалары мен адами қасиеттерінің нәтижесінде, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың қарапайым әдіс-тәсілдерінің, үнемшілдік, өзіндік өнертапқыштық пен жаңа-шылдықтың есебінен жүзеге асқандығы туралы нақты қорытындылар жасалған. Жұмыс күші тапшылығының орнын толтыруда әйелдер еңбегінің рөлі мен маңыздылығы көрсетілген.
«СОЦИАЛИСТИЧЕСКАЯ КАРАГАНДА» ГАЗЕТІ – ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ 1941-1945 жж. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕГІ
Жарияланған July 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Касимова С.С. і Амерханова Ж.Б. 2025. «СОЦИАЛИСТИЧЕСКАЯ КАРАГАНДА» ГАЗЕТІ – ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ 1941-1945 жж. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.023.