Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 ашаршылық жылдарындағы Қазақстанның этнодемографиялық дамуы сөз болады.
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ халқы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан азшылққа ұшырап, өзгелерге жол берумен келді. Халықтану ғылымының сол ашаршылық азаптың қыр-сырларын зерттей отырып болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жылдары қолдан жасалған ашаршылықтан қазақ халқының саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926, 1937 және 1939 жылдары жүріп өткен Бүкілодақтақ халық санақ-тарының қорытынды нәтижелерін тарихшылардың еңбектерін қолдана отырып, оларды өзара ғылыми түрде салыстыру арқылы үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.
Кеңестендіру жылдары Қазақстанда жүргізілген күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландырудың қазақ халқының тарихы мен тағдырына ауыр демографиялық апат тудырғанын шетелдік тарихшылар сол 1930 жылдардың өзінді-ақ айтқан болатын. Содан бері шетел ғалымдарының еңбектері мен басылым-дарында Қазақстанда 1930 жылдардың басындағы ашаршылықтан қанша адам шығын болғандығы жөнінде қызу пікірталастар жүрді.
Батыс зерттеушілерінің еңбектерінде ашаршылық жылдарында Қазақстандағы адам шығыны жайлы әркелкі мәліметтер келтіріледі. Қазақстанда 1931-1933 жж. ашаршылық кезеңіндегі адам шығыны туралы көптеген құжаттардың ғылыми айналымға енгеніне қарамастан, отандық зерттеушілеріміз әр түрлі деректік мәліметтер келтіруде.