Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ӘЙЕЛДЕР ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған September 2025

0

0

South Kazakhstan Pedagogical University named after Ozbekali Zhanibekov,
Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан өңірінде орын алған әлеуметтік-саяси өзгерістер мен олардың қазақ әйелдерінің тағдырына тигізген ықпалы қарастырылады. Кеңес билігі аймақтағы әйелдердің саяси-құқықтық мәртебесін өзгертуді мақсат тұтып, әртүрлі заңдар мен нұсқаулар қабылдап, жиналыстар, конференциялар, съездер өткізді, тіпті ауыл-аймақтарда әйелдермен жеке әңгімелесулер жүргізді. Алайда бұл шаралардың көпшілігі формалды сипат алып, қуғын сүргіннің науқанына ұласты. Оңтүстік Қазақстан өңірінде халық ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің зардабын қатты сезінді. Шаруашылық күйзелісі, отаршылдық және ұжымдастыру саясаты әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына қосымша қиындықтар туғызды. Кеңестік билік әйелдерді «тең құқыққа жеткізу» ұранымен тартқанымен, шын мәнінде бұл саясат дәстүрлі отбасылық құрылым мен ұлттық құндылықтарға үлкен соққы болды. Әйелдердің қоғамдық белсенділігін партиялық есеппен бағалау, олардың өмірін қатаң бақылау, тұрмыстық қылмыс істерін көбейту де кеңес саясатының тетіктерінің бірі болды. Әсіресе ХХ ғасырдың 30-шы жылдары жаппай қуғын сүргінге ұшырағандардың әйелдері лагерлерде жазасын өтеп, қуғынның құрбаны болды. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ әйелдері ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтап, отбасылық тәрбиенің жалғастырушысы ретінде қоғамда айрықша рөл атқарды. Олардың өмір жолын зерттеу арқылы кеңестік дәуірдегі әлеуметтік өзгерістердің күрделі сипатын, ұлттық болмысқа жасалған қысымды және әйелдердің оған қарсы тұру тетіктерін айқын байқауға болады. Сонымен қатар Қазақстанның Оңтүстік өңірінде қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тарихын оқытудың тиімді әдістері мақала барысында жан – жақты қарасытырылып зерттелген.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Issabek, M. 2025. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ӘЙЕЛДЕР ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.024.