Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі– гендерлік саясат болып отыр. Гендерлік саясат дегеніміз қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында «әйел теңдігі» мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілсе, қазіргі уақытта ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саяси ғылымға жалғасып, осы гендерлік теңдік аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Мақалада мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың бекітілген негізгі бағыттары – билік құрылымдарында ерлер мен әйелдердің үйлесімді қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіз теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ету, қызметте өсу мен өз бизнесінің дамуы, отбасындағы теңдей құқық болуына жағдай жасау мәселелері қарастырылған. Автор әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың барысы мен отбасында әйелге қатысты орын алып отырған зорлық-зомбылықты статистикалық мәліметтер арқылы талдауға тырысқан.
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЙЕЛДЕРГЕ КҮШ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған May 2021
206
207
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Гендерлік саясат, гендерлік теңдік, стратегия, құқықтық теңдік, әйел мен ерлер, отбасы, зорлық-зомбылық, ажырасу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абишева , Ж. 2021. ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЙЕЛДЕРГЕ КҮШ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.19.