Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ерлік пен ұлтжандылықтың символына айналған тұлғасы. Ұлы Отан соғысының қаһарманы ретінде тарихта қалса, жазушы ретінде қазақ тарихында өлшеусіз мұра қалдырды. Оның шығармалары адамгершілік қасиеттерді, ерлікті, жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайды.
Бүгінгі күнде патриоттық тәрбие мәселесі ерекше маңызға ие. Жаһандану заманы ұлт болмысын сақтау, рухани құндылықтарды жоғалтпау сынды мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, елін, жерін құрметтеуге баулу басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы тұрғыда Бауыржан Момышұлының шығармалары ерекше рөл атқарады. Оның туындылары ел мен жерді қорғау, ұлт намысын сақтау сынды мәңгілік құндылықтарды дәріптейді. Мақалада Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы патриоттық тәрбиенің маңыздылығы жан-жақты қарастырылып, оны оқыту әдістері талданады. Батырдың еңбектері арқылы жастарды елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді жолдары қарастырылады. Жазушы шығармашылығындағы тұнып тұрған патриоттық тәрибе мен өнегені жастардығ рухани өсуінде ерекше рөл атқарады. Қаламгар шығармалары арқылы еліміздің ертеңі үшін жауапкершілікті сезіну, батырлық пен ерлікті құрметтеу сияқты патриоттық құндылықтарды жастарға қалыптастыруға болады. Момышұлының туындылары – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, ұлттық тәрбиені дәріптейтін баға жетпес мұра.