Мақалада тарихи география зерттеулерінде кездесетін жер-су объектілеріне ерекше назар аударылады. Мақалада елді мекендердің, ірі өзендердің атаулары қазіргі кездегі гидрографикалық атаулармен бірегей-бірлікте қарастырылады. Әрине, кейбір су көздері сақталмағаны белгілі, сондықтан оны қазіргі картадан табу қиынға соғады. «Монғолдың құпия шежіресінде» горхон, булаг гидронимдері кездеседі, ал гол гидронимі жоқ. Еуразияның далалық аймақтарының тарихынан біз көшпелілердің қоршаған табиғи орта туралы түсініктерін білеміз, ірі оқиғалар болған жерлерді, қандай жерлерде көшіп-қонып жүргендерін, ол жерлердегі жер-су атауларын қазіргі карталармен салыстыруға тырыстық.
Қоршаған ортаны бейнелеген терминдердің көптігі оқиғалармен байланысты болғаны «Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады. Ол табиғи объектілер таулармен қатар орта ғасырдағы кеңістікті игерудің жаңа жолдарының траекториясы тараған көшпелілер территориясының негізгі маркері, тірек пунктері болды. Көшпелілердің жат жерліктерге айтқан «сен қай жерде туып, суын ішсең» сол отаның деген мағынадағы сөздерінен су көздерінің олардың өмір тіршілігінде маңызды болғанын дәлелдейді. «Монғолдың құпия шежіресінде» көптеген су көздерінің түрлеріне сипаттама берілгені мақалада сипатталып, талданады. Шежіреде айтылған өзендер арқылы керей, меркіт сияқты тайпалардың қандай жерлерде көшіп-қонып жүргені туралы мағлұмат алуға көмектеседі.