Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЫҚПАЛ ЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ САНКЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған May 2021

162

133

Аңдатпа

Экономикалық санкциялар жеке бір елге әсер етуді қалайтын бірқатар үкімет үшін саясаттың тартымды құралы болып келуі мүмкін. Санкцияларды экономикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, олар бастамашы тараптың өзіне қарсы болатын өзгерістерге соқтыруы ықтимал. Экономикалық санкциялар сыртқы саясаттың тиімді құралы болып табылатыныны туралы еш әдебиетте нақты дәлел жоқ. Дегенмен, санкцияларлың саны өсіп келеді және де соңғы жылдары бұл тәсіл жиі қолданылады. Бұл зерттеуде санкциялардың жұмыс механизміне және сыртқы саясат
құралы ретінде санкцияларды қолдану кезінде елдер тап болатын мәселелерге талдау жасалған. Ресей Федерациясына қарсы батыс елдерінің санкцияларын енгізудің мысалы басты назарда. Зерттеу қорытындысы бойынша экономикалық санкциялар оларды бастамашы елдер, сондай-ақ оларды енгізуді қолдайтын елдер үшін экономикалық шығындардың көзінше айналатынын дәлелдейді. Санкцияларға тап болған ел санкция коалициясына кірмейтін үшінші тараптармен сауда қатынастарын дамытуы мүмкін. Зерттеуде санкциялар негізінен дипломатиялық және басқа да қысым түрлеріне қосымша ретінде қабылданатыны көрсетілген. Санкциялық механизм және оларды енгізу технологиялары тұрақты даму үстінде. Қаржы операцияларына, іскерлік белсенділікке, сондай-ақ жеке тұлғаларға олардың жүріп-тұру еркіндігін шектеу үшін бағытталған "ақылды" санкциялар жиі қолданылады. Зерттеуде түрлі санкциялық шараларды қабылдау кезінде түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін дәл бағалау қиын екені көрсетілген. Ықпал етудің неғұрлым жоғары тиімділігіне саяси және экономикалық сипаттағы шараларды кешенді пайдалану кезінде қол жеткізілетіні анықталды. Сонымен қатар, экономикалық санкцияларды пайдаланудың анықталған кемшіліктеріне және олардың тиімділігі дәлелдемелерінің жоқтығына қарамастан, олардың әскери араласумен салыстырғанда неғұрлым қолайлы нұсқа болып табылатынын айтуға болады. Бұған қоса санкциялар әскери қақтығыс туындау мүмкін деген ескертудің кепілі бола алмайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Аскербек , А. 2021. ЫҚПАЛ ЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ САНКЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.27.