Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа мәдени және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариалаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда. Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде біркелкі болмады, тіпті бірінші кезде қарама-қарсы болды. Қарастырып отырған кезеңде Қазақстанның ТМД елдерімен өзара қарым-қатынасының дамуының бірнеше кезеңдерінен өтті.
XX ғасырдың 1990-ы жылдардың аяғында Қазақстан, Ресей және Белоруссия, сонымен қатар ТМД-ның кейбір басқа елдері нақты теңелудің екінші кезеңіне шықты. Ынтымақтастықтың жүйелі бағыттары, әсіресе бір-біріне деген өзара тәуелділік, өзара қатынастың дарашылдық сипатынан арылу және ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарын жасау, ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімді сақтау алдыңғы қатарға шықты. Бұл тұста келісімнің сақталуын бақылау ортақ ұйымдарды кұрмай-ақ тараптар арасында бөлінетін болды.
ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТА АЗИЯДАҒЫ ПОСТКЕҢЕСТІК РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Жарияланған May 2021
153
107
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ТМД, Қазақстан, Орта Азия, посткеңестік республикалар, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Айнакулов , С.Ж. 2021. ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТА АЗИЯДАҒЫ ПОСТКЕҢЕСТІК РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).