Тарихи фонологиялық құжаттар өткенді «естуге» мүмкіндік беретін бірегей ақпарат көзі болып табылады. Фоно (аудио) құжаттар (музыкалық шығармаларды орындаудың жазбалары, саяси қайраткерлердің немесе белгілі ғалымдардың көпшілік алдында сөйлеген сөздері, қала дыбыстарын жазу, деректі фильмдердегі дыбыс немесе кинофильмдердегі саундтректер және т.б.) белгілі бір мәдени, саяси, әлеуметтік, интеллектуалдық, күнделікті өмірдегі шығармаларды мазмұнын қайта түсінуге мүмкіндік береді. Дегенмен, оларды зерттеу дыбыстық материалдарды жіктеуге, бейнелеуге және түсіндіруге қатысты бірқатар нақты мәселелермен байланысты.
Мақаланың мақсаты – Қазақстан тарихы бойынша фоно (аудио) құжаттардың оларды пәнаралық зерттеу мен түсіндіруді дамыту үшін мүмкіндіктерін сипаттау. Қазіргі тарих ғылымындағы фоно (аудио) құжаттарды жіктеу мен түсіндірудің теориялық негізі дыбыстың мәдениеттегі, қоғамдағы және техникадағы рөлін зерттейтін пәнаралық саласы дыбыстану ғылымының зерттеулері болып табылады. Дыбыстық зерттеулер дыбыс жазу және қайта шығару тарихы, дыбыс эстетикасы, дыбыстың әлеуметтік және саяси аспектілері және дыбыстың адам тәжірибесіне әсері сияқты көптеген тақырыптарды қамтиды.
Автор бүгінгі таңда республиканың архивтерiнде, музейлерiнде және медиа корпорациялары қорларында зерттеушілерге қолжетімді XIX-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша бар фонологиялық құжаттар туралы ақпарат береді.