Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БІРІНШІ СІБІР КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ 1822 ж. «СІБІР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАРҒЫ»: ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТІК НЕГІЗІ

Жарияланған December 2024

169

63

КазНПУ им. Абая
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

нет

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің

қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.

 Павлодар қ., Қазақстан Республикасы

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

нет

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің

қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.

 Павлодар қ., Қазақстан Республикасы,

Аңдатпа

ХІХ ғасырдың 20-жылдарында қазақ мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, дағдарысты жағдайды бастан өткерді. 1822 жылдың 22 шілдесінде орта жүз хандығын саяси статусынан айырған «Сібір қазақтарының Жарғысы», 1824 жылы кіші жүз жерінде «Орынбор қазақтарының Жарғысы» енгізілді. «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы – Ресей империясының реформаторы, бірінші Сібір комитетінің негізін қалаушы граф М.М. Сперанский еді. М.М. Сперанскийдің «Жарғыны» даярлаудағы мақсаты орта жүз қазақтарын басқаруды біржолата «жақсарту» арқылы өлкенің жер асты және жер үсті ресурстарын империя мүддесіне орай түпкілікті заңдастыру болды. Дәстүрлі хандық биліктің орнына орыстық басқару тәртібінің енгізілуі қазақ елінің тұрмысын ауырлатты, алым-салықтар саны ұлғайып, көшіп қонатын жер аясы тарылды. Бұл халықтың наразылығын тудырды.

Мақала авторлары мәселені тарихнамалық және деректемелік тұрғыдан қарастырады. Бұрын-соңды назардан тыс қалып келген империялық тарихтың жаңа қырларына, яғни, бірінші Сібір комитетінің отарлық мақсатта құрылған орган ретіндегі қызметін сыни әдістермен баяндайды. Оның қазақ жеріндегі ауыр салдарына тоқталады.

Сондай-ақ, авторлар ұжымы Сібір комитетінің бекітуімен және басқаруымен өмірге келген «Сібір қазақтары жарғысының» іске асырылуы, соның салдарынан Арқада үздіксіз жүрген ұлт-азаттық көтеріліс-тер тарихнамасын және деректемесін талдауға алады. Аталған мәселе еліміздің тәуелсіздігі жылдарында ашық айтыла бастады. Соған сәйкес, Сібір комитетінің құрылған 1821-1838 ж. дейінгі қызметі, 1822 жылдан бастап Арқа даласында аталған реформаға қарсы халық наразылығының болғанын фактілік тұрғыдан көрсетеді, яғни, Арқадағы көтерілістің ерекшелігі ретінде, оның бұқаралық сипат алғаны, ұзаққа созылғаны, табанды және ұйымдасқан түрде жүргізілгендігі  атап көрсетіледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мырзатаева, З., Каримова, А. і Абдрахманов, Б. 2024. БІРІНШІ СІБІР КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ 1822 ж. «СІБІР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАРҒЫ»: ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТІК НЕГІЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.005.