Жаһандану үрдісі қоғам қарым-қатынастарында өзгерістер туғызуы заңды құбылыс. Қоғамдағы әлсіз топтарды қолдау әр мемлекеттің міндеті болғандықтан, құқықтық мәселелерде реттеліп отырады.
Мақалада мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтудың жаңа бағыттары ғылыми негізде және өндіріс орындарындағы мүмкіндіктерімен қоса қаралады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру жан-жақты үйлесімді қамтылуымен маңызды.
Жұмыс берушінің мүмкіндігі шектеуі жандарды жұмыспен қамтудағы міндеттерінің нормативтері мен келісім шарт талаптарымен сәйкестігі құжаттармен берілген.
Ғылыми-теориялық зерттеулер мен әлеуметтік зерттеулер қолданысы әдістері мүгедектердің жұмыспен қамтылған топтарын қарастыру ерекшеліктері жаңа сипат пен бағыттармен болу қажеттіліктерімен жаңа кезеңнің сұраныстарында.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы орнын анықтай отырып, теориялық негіздерге сүйене, шетел ғалымдарының еңбектері, технологиялық құрылымдармен, қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріндегі адам факторының маңыздылығында іске асыру жолдарын көрсете, заңнамалық тұрғыдан еңбек бөлінісіндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық мәселелерімен қоса қамтылған. Азаматтық қоғамдағы адам мәселесі, заманауи адами құндылықтармен теңдік пен еркін даму, саяси мәдениет, жеке адам дамуына қоғамдағы қамқорлық пен мейірімділіктің жалпыға бірдей қатынастардағы, яғни ортадағы қалыптасуымен маңыздылығы көрсетіледі.