Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ОБАЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖӘНЕ АБСОЛЮТТІ МЕРЗІМІ

Жарияланған September 2024

29

16

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

Археология ғылымы бір ескерткіштің мерзімін анықтау кезінде нақты хронологиясын белгілейтін заттар табылмаған жағдайда (соғылған жылы белгілі монеталар, жазбаша материалдар) салыстырмалы талдау әдісі мен қатар жаратылыстану ғылымына жүгінеді. Салыстырмалы мерзімдеу археологтардың ең көп қолданатын мерзімдеу әдісі болып табылады. Бұл бойынша қазба кезінде анықталған құрылыстардың архитектуралық ерекшелігі, қыш қаптамалардың өрнектері, саз ыдыстардың түрлері, қабірлердің пішіні, қаңқалардың жату қалпы, басының бағытталуы және т.б. деректер өз ішінде немесе басқа аймақтағы аналогтарымен салыстырыла отырып мерзімдемесі жасалады. Ал, бір ескерткіштің абсолютті мерзімін анықтау үшін көбінесе радиоуглеродтық C14 әдіс қолданылады. Радиоуглеродтық анализдер арнайы лабораторияларда заманауи құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін қазба кезінде табылған органикалық заттардан (ағаш, көмір, сүйек және т.б.) сынама үлгілері алыну қажет. Мақалада Келес өзенінің төменгі ағысында орналасқан Мыңтөбе қорымындағы №3, №6 және №7 обалардың салыстырмалы және абсолютті мерзімін анықтау мақсат етілді. Аталмыш обаларды салыстармалы тұрғыдан мерзімдеу үшін археологиялық деректер Өзбекстан аймағы, Сырдария және Арыс өзені жағасындағы аналогтарымен салыстырылды. Ал, абсолютті мерзімдеу үшін қаңқалардың тісі сынама үлгісі ретінде алынып Түркиядағы Тубитак лабораториясында анализ жасалды. Осылайша аталмыш обалардың нақты мерзімі анықталды.         

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Гурсой, М. і Сиздиков Б. 2024. МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ОБАЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖӘНЕ АБСОЛЮТТІ МЕРЗІМІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.018.