XX ғ. 20-30 жылдары кеңес үкіметінің жүргізген репрессия саясаты халық жадында ең ауыр, әрі қайғылы кезеңнің бірі ретінде сақталды. Билік құрылымдары кез-келген отбасымен жеке адам өміріне белсене араласқандықтан әйелдер мен қыздар жазықсыздан-жазықсыз түрмелерде отырып, арнайы лагерьлерде «жазаларын» өтеді. Өйткені олар «Отанын сатқандардың отбасы мүшелері» деп аталған еді. Кеңес мемлекеті әйелдерді куғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді. Жазықсыз жазаланып атылғандардың ішінде нәзік жанды қазақ аналары мен қыздары да болғаны баршамызға белгілі. Бірі «халық жауының жары», бірі – баласы немесе ұрпағы болғаны үшін айып тағылып қамауға алынды. Соның ішінде ең ауыр жаза ату жазасына кесілген қазақтың үш қызы – Шахзада Шонанова, Торғай Сүлейменова, Мәмилә Таңатова сынды аруларымыздың қайғылы тағдыры жайлы.
XX ғ. 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ҚЫЗЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ
Жарияланған May 2021
70
56
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
репрессия, НКВД.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрахимова , Ж. 2021. XX ғ. 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ҚЫЗЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).