Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕЛЕУДІҢ НАРРАТИВТІК СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған March 2026

1

1

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

T.T. Далаева

т.ғ.к., профессор-зерттеуші, академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясаты аясында мектеп оқулықтары тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлік қалыптастырудың негізгі құралы ретінде де қызмет етеді. Мақаланың өзектілігі оқу әдебиетінде тарихи тұлғалардың бейнелері қалай қалыптасатынын, жастардың тарихи жадысы мен құндылық бағдарларына әсер ету тектерін қазіргі мемлекеттік білім беруді дамыту стратегияларына сәйкес әсер ететінін талдау қажеттілігімен айқындалады.

Бұл зерттеудің мақсаты - Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша кеңестік және қазіргі заманғы оқулықтарда тарихи тұлғаларды бейнелеудің нарративтік стратегияларын анықтау және салыстырмалы түрде талдау. Осы мақсатқа жету үшін аталымдардың сандық есебі, мәтіндер мен көрнекі материалдардың сапалық мазмұндық талдауы жүргізілді, кеңестік және қазіргі кезеңдегі оқулық модельдерін салыстыруы жасалынды.

Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы салыстырмалы тарихи әдіс пен деректерді цифрлық талдау технологиясындағы MAXQDA бағдарламасын біріктіретін интеграцияланған тәсілді қолдануда жатыр.

Зерттеу нәтижелері тарихи тұлғаларды бейнелеудегі өзгерісті көрсетеді. Бұрын басым болған батырлық тәсілден тарихи контекстті ашуға және жеке тұлғаның елдің дамуына қосқан үлесін түсінуге бағытталған аналитикалық тәсілге ауысу байқалады. Қазіргі заман оқулықтары плюралистік тәсілді ұсынады және әртүрлі ақпарат дереккөздерін қамтиды, бұл тарихи процестерді және олардағы ұлы тұлғалардың рөлін тереңірек түсінуге көмектеседі.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Идрисова, А. і Далаева T. 2026. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕЛЕУДІҢ НАРРАТИВТІК СТРАТЕГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.012.