Мақалада Шығыс Қазақстандағы ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық мәселесіне арналған еңбек-терге тарихнамалық шолу жасалады. Зерттеулердің барлығы Кеңес режимінің қазақ қоғамына әкелген апаттың күштеп жүзеге асырылғанын көрсетеді. Бұл тақырып бүкіл әлемдегі ғалымдарды қызықтыру-да. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы күштеп ұжымдастыру, тәркілеу және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өмір салтын өзгерту әрекеттері қазақ халқының үлкен қасіретке ұшырауына себеп болды. Осы трагедияның тарихын зерттеу қазақ халқының басынан кешкен ауыр сынақты есте сақтауға, одан сабақ алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мақалада өткен қасіретті тарихты ғылыми тұрғыдан ұғыну және талдау қазақстандықтардың қазіргі және кейінгі ұрпақтары үшін маңызды әрі қажет екені айтылады. 1930 жылдардағы «Ұлы ашаршылық» қазақ халқының жойылып кету қаупін туғызды. Қазақ халқының этника-лық топ ретінде сақталуы туралы өткір мәселе көтерілген болатын. Осы уақытқа дейін қазақ халқының басынан өткен қасірет жөніндегі барлық материалдар толықтай қаралып, зерттелген. Атап айтсақ, батыс ғалымдарының еңбектері, орыс және украин тарихшыларының жеке монографиялары жеткілікті түрде зерттелмеген. Қазіргі кезде шетелдік мұрағаттарда сақталған көптеген жаңа деректер табылуда. Соңғы жылдарда мұрағат қызметкерлерімен құпиясыздандырылған құжаттар ұсынылған көптеген жинақтар шығарылған. Ол құжаттар қатарына: ақпараттық мәліметтер мен шолулар, тақырыптық анықтамалар, ұжымдастыру барысы жөніндегі, мүлік пен малды тәркілеу туралы сараптамалық баяндамалар, көшпелі халық пен шаруалардың жаппай, кейде қарулы бас көтерулері туралы талдамалық баяндамалар, адамдар-дың эмиграциясы туралы арнайы анықтамалар және тағы басқалары жатады. 1930 жылдардағы ашаршы-лық қазақ халқының ең үлкен демографиялық және гуманитарлық апаты болды. Осы мақалада автор зерттеліп отырған мәселеге Шығыс Қазақстан бойынша бaca нaзaр ayдaрaды. Шығыс Қазақстан өңірі халқының ашаршылықтан кейінгі ауыр тағдыры естеліктер ретінде бейнеленеді. Ашаршылықтың салдарынан қиындықтар мен қайғы-қасіреттер куәгерлердің тағдырына терең із қалдырған.
ШЫҒЫC ҚAЗAҚCТAНДAҒЫ 1930 жж. AШAРШЫЛЫҚ: МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫНАН
Жарияланған December 2024
41
32
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Aшaршылық
Шығыc Қaзaқcтaн
ұжымдacтырy
тәркiлey
ecтeлiктeр
қоныc ayдaрy
отырықшылану
жұт
ауыл шаруашылығы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Атантаева, Б., Ботабекова, А. і Ахметова, Р. 2024. ШЫҒЫC ҚAЗAҚCТAНДAҒЫ 1930 жж. AШAРШЫЛЫҚ: МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.023.