Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРЫС ШЫҒЫСТАНУЫ ЖӘНЕ МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ДІНИ САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған May 2021

77

77

Аңдатпа

Монғол империясы полиэтникалық және көпконфессионалды мемлекет болды. Ортағасырлық қоғам үшін монғолдардың діни шыдамдылығы сирек кездесетін жағдай және сонысымен ол ерекшеленеді. Сондықтан да бұл мәселе әлі күнге дейін көптеген мамандарды қызықтыруда: тарихшылырды, шығыстанушыларды, саясаттанушыларды және т.б. Әлбетте бұл мәселеге деген қызығушылық қазір пайда болған жоқ, ол революцияға дейінгі ресей ғалымдарымен де қарастырылған еді. Олармен сараптаудың алғашқы қадамдары, монғолдардың діни саясатын бағалау, деректерді пайдалану мен оларға түсініктеме беру талпыныстары жасалынды. Аталмыш мәселені қарастыруда олардың концептуалды тәсілдері қызықты. Осы ғалымдардың жинақталған тәжірибелерін жалпылай және зерделей келе, біз тек мәселенің зерттелу деңгейін ғана емес, оның әлсіз зерттелген жақтарын да байқай аламыз.
Зерттеушілер мақалада тарихнаманы шартты түрде екіге бөліп қарастырды: шолу зерттеулер; деректердерді зерттеуге арналған арнайы еңбектер. Сараптама жасау негізінде моңғолдардың діни
саясатына баға берудің ерекшеліктері белгіленді. Осы мәселеге революцияға дейінгі ғалымдардың келу тәсілі анықталды. Революцияға дейінгі концептуалды тәсілдерге мінездеме берілді және моңғолдардың қазіргі кезеңдегі діни саясатына салыстырмалы талдау жасалды. Революцияға дейінгі авторлардың ой-тұжырымдары осы бағыттағы кейінгі еңбектерге бағдар, негіз болғандығы көрсетілді. Ғылыми көзқарастардың сабақтастығын және осы мәселенің әлі де ашылу керек аспектілерін көрсетуге талпыныстар жасалды.

pdf (Русский)