Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАСЫ, ТАРИХИ СИПАТТАЛУЫ

Жарияланған April 2024

27

33

Аңдатпа

Шығармашылық интеллигенциясының қазақ қоғамында атқарған рөлі, көтерген жүгі әрдайым үлкен болып келеді. Ұлт тағдыры көп жағдайда олардың іс-әрекетімен байланысты болды. Ұлттық мәдениетті жасаушы – ең алдымен шығармашылық интеллигенция. Рухани мәдениетті өз бойында сақтаушы да, оны насиахаттаушы да, кейінгі ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізушілерде шығармашылық интеллигенция өкілдері. Мақалада Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың  өскен ортасы, өмір сүрген  қоғамының тарихи сипаты және осы арқылы кеңестік дәуірдегі  жазулардың күнделікті  өмірінің бір қыры жан – жақты зерттелген.   ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктеткен классиктердің бірі, көркем сөздің ұстасы, тапқырлық пен шешендіктің нұсқасы, дарқан дарын, академик-жазушы Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.  Ғабит  Мүсірепов – өз  дәуірінің  рухани-мәдени белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ұлағатты ұстаз,  ірі қоғам қайраткері, өзі айтқан әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі. Оның есімі туған халқының тарихи болмысмен, рухани әлемімен тығыз байланысты. Халқы барда кемеңгер суреткердің бүкіл өмір тарихы, шығармашылық өсу жолы, күллі әдеби–мәдени мұралары мәңгі жасай бермек. Жазушының қаламынан шыққан көркемдік қуаты жоғары туындылары әлі талай жүректерге жол тауып, талай түлектерді адамгершілік игі қасиеттерге баулитыны анық.

Ғабит Мүсіреповтің тұла бойының, кемеңгер ойының, шығармашылығының танымдық та, тәрбиелік те қадір-қасиеті ерекше. Өйткені көрнекті жазушы шығармашылық жұмыста, жазу өнерінде өзіне де, өзгеге де, алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі буын інілерге де биік талап қоя білген қаламгер.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.Т. Отыншиева 2024. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАСЫ, ТАРИХИ СИПАТТАЛУЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.037.