Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Н.Ф. КАТАНОВ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Жарияланған April 2024

75

24

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Аңдатпа

Н.Ф. Катанов – көрнекті түркітанушы. Оның есімімен түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және тілдерін зерттеудің бүкіл дәуірі байланысты. Оның түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және тілдері жөніндегі еңбектері ғылыми көзқарас жағынан алып қарағанда осы күнге дейін баға жетпес болып табылады.

Н.Ф. Катановтың әр алуан ғылыми және педагогикалық қызметі – Ресейдегі түркітану ғылымы және ұлттық гуманитарлық зерттеулер мен ғылыми мектептің дамуының айқын айғағы. Оның тұлғалық феномені мен Ресей халықтарының мәдениеті және шығыстану тарихындағы мұрасы, өкінішке орай, жеткілікті түрде зерттелмеген. Оның өмірбаянының кезеңдері мен орасан зор творчестволық мұралары біз үшін қызықты, жарқын, ғибратты, қайғылы мысалдармен ұсынылады. Ол екі дүниенің – европалық және азиялық – бейнесінің тұлғалануы болып табылады.

Қазіргі заман тарихнамасы мәтінмәнінде Н.Ф. Катановтың ғылыми мұрасы оның XIX-XX ғғ. арасындағы түркітанудың дамуына қосқан зор жеке үлесі болып табылады. Дәл оның өмірбаяны мен творчестволық мұрасы түркі халықтарының классикалық мұрасында маңызды орын алады.

Мақала авторлары көрнекті түркітанушы Н.Ф. Катановтың ғылыми мұрасы мен творчествосын зерттеуді кезеңге бөле отырып, түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына байланысты мәселелерін бөліп қарайды.

pdf (Русский)