Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТА ЖӘНЕ ЖАҢА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕУРАЗИЯ АҢҒАРЫН МЕКЕН ЕТКЕН ҚАЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ СОЛ МЕРЗІМДЕРДЕГІ ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕР ШЫҒАРМАЛАРЫНДА

Жарияланған April 2024

49

55

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Шығармада аталған уақыт мерзіміндегі Еуропа мен Ресей зерттеушілерінің  жарияланған еңбектері негізінде ресейлік отарлауға дейінгі және Ресей империясы құрамындағы өзара салыстырмалы тұрғыдағы қазақтардың шаруашылық ерекшеліктері және олардың сыртқы сауда қатынастары қарастырылады. Авторлар бұл кезеңде қазақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығына негізделгенін, ол жергілікті тұрғындардың басты өмір сүруін қамтамасыз еткенін атап өтеді. Олардың сондай-ақ мұнымен қатар егіншілікпен және аңшылықпен айналысқандықтары да баяндалады. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілгендей, қазақтардың сыртқы сауда қатынастары да біршама жоғары деңгейде болғандығы айқындала түседі. Олар мал, жүн, былғары, тері өнімдерін сыртқа шығарып, өздеріне әр түрлі маталар, киімдер, металл бұйымдары, қару-жарақ, азық-түлік түрлері, және басқа да тауарларды айырбас ретінде алып отырды. Бұлар арқылы жергілікті қазақтардың сыртқы саудаға деген қажеттіліктері мен ұмтылыс-тары молайды. Осындай нақты мысалдар негізіндегі жазбалар арқылы шетелдік зерттеушілер қазақтар-дың басқа халықтармен және мемлекеттермен тұрақты негізде жүргізілген сауда байланыстары туралы құнды мәліметтер береді.

Жоғарыда аталған уақыттағы қазақ даласында болып, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-cалттары, сенімдері туралы оңды баға берген Еуропа мен Ресей зерттеушілерінің, жиһангерлері мен саяхатшылары еңбектерінің тарихи мағызының зор екендігі де белгілі. Олар өздерінен кейінгі ғалымдар мен ізденушілер үшін Қазақстан мен оның тарихына қызығушылық танытып, аталған уақыттағы қазақ қоғамының даму тарихына қатысты тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қарасаев, Ғ., Н.С. Пұсырманов і Б.Б. Ақтайлақ 2024. ОРТА ЖӘНЕ ЖАҢА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕУРАЗИЯ АҢҒАРЫН МЕКЕН ЕТКЕН ҚАЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ СОЛ МЕРЗІМДЕРДЕГІ ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕР ШЫҒАРМАЛАРЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.023.