Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Жарияланған April 2024

66

57

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Аңдатпа

Қоғамның жұмысына етене араласқан Ә.Бөкейхан қоғамның тарих-этнография секциясының төрағалығына дейін көтеріліп, елінің тарихына қатысты құжаттар топтамаларын жинауға басшылық етті. Бұл зерттеу жұмысында осы ұлттық зиялылардың белсенділігі артқан тұста сол топтың жетекшісі – Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси және ағартушылық-ғылыми қызметін тарихи тұрғыдан жаңаша, бүгінгі күн талабына сай зерттеуге талпыныс жасады. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын құрбан еткен азаматтардың шынайы ғұмырларын тереңдей зерттеу тек тарихшы ғалымдар ғана емес басқада ғылым саласындағы ғалымдарымыздың атқарған еңбектері жетерлік. Алға қойған міндетті орындау барысында біз ең алдымен Ә.Бөкейхановтың дүниетанымы, қоғамдық көзқарасы қандай жағдайда қалыптасты деген сауалға жауап іздедік. Ә.Бөкейханов ХХ ғасыр  басындағы  саяси ояну тұсынан бастап-ақ саяси сахнадан көріне бастаған еді. Ғылыми еңбекте орыс отаршылдарының қазақ даласына сырттан жаппай қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерсіз қалған қазақты болашақта жерге орналастыру мәселесіне қатысты Ә.Бөкейханның ой-толғамдары бүгінгі күні еліміздің өткенін зерттеу ісіне үлкен қызмет көрсетіп, қайта жазылып жатқан тарихымыздың игілігіне жарауда.

Бұл мақалада, Ә.Бөкейханнан бүгінгі күнге жеткен ғылыми-шығармашылық мұраларды зерделеу негізінде оның талантты тарихшы биігіне көтерілгеніне көз жеткізу үшін ол тарих ғылымының бірлі-жарым саласымен шектелмеген әмбебап ғалым екенін таныстыруды мақсат еттік. Еңбектерінде археология мен этнографияның, деректану мен тарихнаманың, шығыстану мен тұлғатанудың, дінтану мен мәдениеттанудың, әскери тарих пен өнердің, сыртқы саясат пен дипломатияның, жалпы тарих пен Отан тарихының іргелі де өзекті мәселелері көтерілген. Әрине, ол басты назарын ұлт тарихына аударғаны түсінікті.

pdf (Русский)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ғабит Кенжебаев, Рысгуль Оспанова і Берікболова, А. 2024. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.031.