Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АРАЛ ӨҢІРІ ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ МЕКЕНІ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЖАҢА АШУЛАР (ғылыми талдау)

Жарияланған May 2021

127

118

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік-Шығыс Арал маңының географиялық орналасу аймағы және ашылған тас дәуірі ескерткіштерінде әр кезеңде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары қарастырылды.
Арал маңы, яғни, көне Арал теңізінің жағалаулары және Сырдың теңізге құятын тарам-тарам ескі арналары бойындағы жүздеген ескерткіштердің әлі де болса сыры тереңде жатыр.
Қазіргі таңдағы ашылып жатқан Аралдың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірлерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мыңдаған ғасырлық тарихы, мәдениеті Әмудария мен Сырдария сағаларының тарихымен тығыз байланысты. Осы ұлы екі өзеннің сағаларын адамдар тас ғасырынан бастап қоныстанып, көптеген мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізген.
Сыр өлкесі ежелгі қалалар мекені екені анық. Бірақ, өлкенің тарихы одан да әрі жатыр. Себебі, бұл өңірде сауда жолы (әсіресе Ұлы Жібек жолы) ғана емес, мыңдаған жылдар бойы халықтардың көші-қон жолдарының да іздері жатыр. Арал маңының қоныстану тарихы отандық ғалымдармен бірге шетелдік мамандардың да назарынан түскен емес.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тажекеев , А. 2021. АРАЛ ӨҢІРІ ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ МЕКЕНІ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЖАҢА АШУЛАР (ғылыми талдау). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).