Дешті Қыпшақ өңірінде құрылған Алтын Орда мемлекетінің ханы Батый Еуразия мен Шығыс Еуропа елдерінің тарихында маңызды рөл атқарған XIII ғасырдағы жетекші саяси қайраткерлердің бірі екені даусыз. Ол Дешті Қыпшақтағы түрлі тайпалардың басын қосып, өзі басқарған мемлекеттің шекарасын кеңейтті. Ол атасы Шыңғыс ханның саяси, сауда, экономикалық көзқарастарын жалғастырып, Алтын Орда мемлекетін дамытуға күш салды. Сонымен қатар, ол Шыңғыс әулетінен басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан тұңғыш адам және тарих беттерінде «Хан мырза» деген атпен танылды. Оның үстіне Еуразия континентіндегі мемлекеттердің саясатын анықтады. Ол жылдар бойы жинаған билікпен құрған саяси мемлекеттік құрылымы, қайтыс болғаннан кейін де өмір сүрді. Сондықтан Батый билеуші ғана емес, мемлекетті құрушы, дипломат және қолбасшы болып табылады. Сонымен қатар Қарақорымдағы қоғамдық әлеуметтік мәселелермен де араласып отырған. Өйткені Шыңғыс хан және Үгедей хан өлгеннен кейінгі кезеңде Батый хан Үлкен Аға (Шыңғыс ұрпағының үлкені) ұстанымы-мен төрелігін жүргізген. Мәуереннахрдағы Шағатай ұрпақтары арасындағы түрлі жағдайларға да араласып отырған.
Жошы хан Орта Азияны жаулап алған алғашқы қолбасшы болуымен, сондай-ақ көптеген ұлдарымен танымал. Кейбір деректер бойынша, Жошының қырыққа жуық ұлы болған. Орда Ежен ресми түрде Жошы ханнан кейін таққа мұрагер болып қабылдануы керек еді. Алайда Жошы хан қайтыс болғаннан кейін оның екенші ұлы Сайын хан (1227-1256) Еділ өзенінің төңірегінде жатқан топырақтарды біріктіру аясында Алтын Орда мемлекетінің негізін қалады. Яғни, Карпат таулары мен Дунай өзені маңында хан болып танылды. Бірақ неге Орда емес, Батый әкесінің мұрагері деген сұрақ туындайды. Мақаланың ішінде бұл түсінікке қатысты ойпікірлер сараланатын болады.