Авторлардың өз алдына мәселе етіп отырған сұрағы маңызды да өзекті болып табылады. Біріншіден, халық ағарту үрдісі тарихы Қазан революциясынан бастап 1941 жылғы соғыстың қарсаңына дейінгі аралықты қамтиды. Демек, бұл бағыттағы күрделі даму большевиктік биліктің сан-салалы іс-шаралық саясатымен айқындалып ашылады. Екіншіден, авторлар тарапынан сауатсыздықты жою, бастауыш мектеп, орталау мен орта мектеп және толымды орта мектеп сынды баспалдақтар мұрағаттық құжат мәліметтер мен зерттеулерді пайдаланыла отырылып, толымды талдауға түсіріледі. Бұл тұста кеңестік және тәуелсіздік кезеңде жазылған материалдардағы пайымдаулық көзқарастарды шендестіру әдісімен бағамдауды назарда ұстадық. Мектептердің ара жігін ажырату, олардың материалдық хал жағдайын айқындау, қала мен ауылдық аймақтардағы білім беру жүйесі үрдісіндегі керағар мәселелердің орын алып отырғандығы, яғни олардың арасындағы зор да ауқымды айырмашылықтар зерделеуге түсірілді. Үшіншіден, сауатсыздықты жою сынды шарадағы және мектеп типтерінің, оқушылардың сандық көрсеткіштеріне қатысты мәліметтер де саралаудан өткізілді.Сандық мәліметтерді сөйлету арқылы бір жағынан, даму динамикасынының негізінен болғандығын, екінші жағынан, бұл саладағы жетістіктер мен «жеңістер» әсіре бағаланып, кемшіліктері мен көлеңкелі де келеңсіз тұстары көбінесе бүркемеленгендігін бағамдадық. Төртіншіден, мұғалімдердің Кеңестер елінің қоғамдық-саяси өміріне таңылу құбылысы зерделенді. Бесіншіден, қазақ мектептерінің жағдайы арнайы талдауға түсті және мұнда шешімін таппаған түйткілді мәселелер тізбегі (ғимараттық жайлармен қамтылмауы, оқу құралдарының тапшылығы, ұлттық орта мектептің тіптен жоқтығы және т.б. ) ажыратылып анықталды. Алтыншыдан, оқу үрдісінде орыс тілінің басымдығы және большевиктердің директивалық қаулы-қарарларының (арабтан латынға, содан кейін латыннан кириллицаға өту) халық ағарту саласындағы салдарлары толымды талдауға түсірілді. Жоғарыда жіктелген мәселелер Кеңес үкіметінің мәдени революция аясында әрекет еткендігі және оның айтулы табыстарға жеткендігін бағамдай отырып, автор коммунистердің мәдениетке, соның ішінде халық ағарту саласындағы, саясаты «қалдық принципі» деңгейінде қалғандығын негіздейді.
The КЕҢЕСТІК БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР (ХХ ғас. 20-30 жж.)
Жарияланған April 2024
30
38
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тулентаева К.А. і Abikenova, G. 2024. The КЕҢЕСТІК БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР (ХХ ғас. 20-30 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.007.