Қазақтар мен жоңғарлар арасында әскери қақтығыстар үнемі туылып тұрды. Әсіресе жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған жорықтары XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін толастамады. Дегенмен Бұланты (1726), Аңырақай шайқастарында (1730) жаудың беті қайтып, қазақ қолы ырықты орынға шыға бастады. 1745 жылы жоңғар билеушісі Қалдан Серен қайтыс болған соң, тақтан үміткерлер арасында ішкі алауыздық асқынып, хандықтың іргесі сөгілді. Көп өтпей Цин патшалығы әскер шығарып, жоңғарларды түбегейлі жойды. Қырғыннан аман қалғандары көрші хандықтарға бытырай ауды. Тіпті Еділ бойындағы қалмақтарға дейін босып барып бас сауғалады. Жоңғарлар жойылғаннан кейін, Қазақ хандығы мен Цин патшалығы арасында тікелей қарым-қатынас орнап, 1757 жылы күзде Абылай мен Әбілпейіз алғаш рет елшілер тобын жасақтап, Бейжіңдегі патша ордасына аттандырды. Сөйтіп көп ұзамай екі жақ ара барыс-келістер жиілеп, сауда-саттық ісі тез дамыды. 1758 жылы Үрімжіден сауда жәрмеңкесі ашылып, қазақтар жылқы саудасын жасасып қайтты. Іле-шала Іледен (1761), Шәуешектен (1764) сауда базарлары ашылып, екі ел экономикасының дамуына тың серпін берді. Екеу ара қарым-қатынастың нығайуына орай қазақтар тарапынан жазылған хаттар да молайды. Осылардың арасында Ханқожа сұлтанның хаттары да кездеседі. Мақаламызға арқау болғаны хаттар осы Ханқожа сұлтанның 1786 жылы Тарбағатайда іс басқарып тұрған Цин ұлықтарына жолдаған хаттары. Аталмыш хаттарда қазақ ішіндегі ойраттардың шекара асып қашуы мен қайта оралуына байланысты жазылған. Хаттардың тілі жаттық, мазмұны ұғынықты, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік тарихы мен тіл-жазу мәдениетін, сондай-ақ қазақ-жоңғар қатынасын зерттеуде аса құнды дереккөз есептеледі.
БОПЫ СҰЛТАННЫҢ ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНА ЖОЛДАҒАН ЕКІ ПАРША ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ХАТЫ
Жарияланған April 2024
34
48
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбділәшім, Д. 2024. БОПЫ СҰЛТАННЫҢ ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНА ЖОЛДАҒАН ЕКІ ПАРША ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ХАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.012.