Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАТТЫҒЫ ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН

Жарияланған May 2021

58

0

Аңдатпа

1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, дүниежүзіне мәлімдеді. Алыс-жақын шетелдерде 5 млн жуық қазақ тұрады. Мақалада Қазақстанның тәуелсіздігіне Түркия, Қытай, Монғолия, Иран және Өзбекстан қазақтарының ой-арманы, пікірлері туралы сөз болады. Шетелдік қандастарымыз Қазақстанның тәуелсіздігін жан-тәнімен түсіне білді, себебі олар жатжұртта қаншалықты тамақтары тоқ, киімдері көк болғанымен өз елі, бостандық, егемендік деген сөздердің парқын біліп өсті. Сондықтан шетжерлік қазақтардың бұл оқиғаны елемей қалғаны жоқ, бөркін аспанға атып қуанды, шетелдегі қандастарымыздың қуанышында шек болмаған. Бұл оқиғаны өздерінің мыңдаған жылдардағы армандарының жүзеге асқаны деп қабылдаған. Бірден Қазақстанға көшу жайында әңгімелер қозғалған. Қазақ қай жерде жүрсе де өзінің Ұлы отаны Қазақстан деп есептеген. Бірталай шетелдік бауырлас азаматтар тәуелсіз Қазақстанға келгенде, бірнәрсе алам деп емес, тәуелсіз еліме не берсем екен, нендей үлес қоссам екен - деген сезімде болды. Тәуелсіздік қашанда тәтті ұғым, барлығынан жоғары тұрады.

pdf