Адамзат қоғамының дамуының үздіксіз процесі сөзсіз құқыққа да, дінге де әсер етті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ғылым осы маңызды қоғамдық салаларды зерттеуді қажет етіп отыр. Бұдан басқа, зайыр-лы мемлекет сияқты маңызды конституциялық қағидатты іске асыру шеңберінде құқық және дін, діни бірлестіктер арасындағы туындайтын қатынастарды қарастыру өзекті болып табылады. Құқықты реттеу-ші ретінде қарастыра отырып, оның қоғамдағы миссиясы қоғамдық қатынастарға құқықтық реттеуші әсер ететін нормативтік бастамаларды бекіту екенін мойындау керек. Құқық әлеуметтік нормативтік реттеу жүйесінің элементі ретінде басқа нормалармен өзара әрекеттесуде қоғамдық қатынастарды реттейді. Осындай элементтердің бірі ‒ өзінің құндылық-нормативтік белгілерінің бір бөлігінде дін танылады.
Мақалада құқық және діннің тарихи, теориялық және құқықтық аспектілерін зерттей отырып, зайырлы мемлекетте осы категорияға байланысты тұстары ғылыми тұрғыдан талданады. Ең алдымен, дін мен құқықтың өзара дамуын және байланысын қарастыруға ерекше назар аударылады.
Авторлар құқықтық және діни реттеудің өзара іс-қимылын анықтау, қоғамдық қатынастарды құқықтық және діни реттеу арасындағы әлеуметтік сипатын анықтау, қолданыстағы заңнаманы қолдана отырып, құқық пен діннің қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі өзара әрекеттесуіне басты назар аудара келе, қорытындылар келтіреді.