Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МАРЖАНИ – ТАҒЛЫМЫ МОЛ ТАРИХШЫ

Жарияланған June 2021

53

48

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдағы көрнекті шығыстанушы, түркі халықтары тарихының білгірі, философ, ағартушы Шиһабеддин Маржанидің өмір жолы және түркі халықтары тарихын жазудағы ғылыми қызметі жайы қарастырылады. Көрнекті тарихшы Ш. Маржани тарихи үрдісті халықтың рухани дамуының көрінісі іспеттес деп есептеді және халықтардың тарихтағы рөлі оның жалпыадамзаттық мәдениетке қосқан үлесімен өлшенеді деп санады. Ш.Маржанидің бір өзінің қаламынан отыздан аса еңбек шыққан. Тарихтың танымдық және тәлімгерлік маңызын бағалай отырып, Ш.Маржани тарихқа өмір мектебі секілді қарады, Ол тарихи өткенді білу халықтың болашағын айқындайтын шарттың бірі деп түсінді. Оқымыстының пікірінше, өткенді білмеу халықтың өзіне деген сенімін азайтады, ал өркениетті халықтар өз жадында тарихи өткен оқиғаларды сақтайды және оған құрметпен қарайды. Халықтың өзін-өзі тануына және бірлігіне шақыра отырып, тарихшы халықты өткенді білуге және тарихи, сондай-ақ мәдени мұраларды мәдени сабақтастықты сақтауға үгіттейді. Мақала авторлары Ш.Маржанидің еңбектерінде тарихи мәселелерге ғылыми тұрғыдан келуге және тарих методологиясы мен пән туралы ғылыми тұжырымдар жасауға талпыныс бар екенін баса көрсетеді

pdf