Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХАЙРЕТДИН БОЛҒАНБАЕВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ (АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША)

Жарияланған April 2024

26

42

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Аңдатпа

 

Мақалада, ХХ ғ. қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен мемлекет қайраткері, алаш қозғалысының белсенді мүшесі Хайретдин Болғанбаевтың оқу-ағартушылық саладағы қызметіне қатысты архивтік деректерге жүргізілген зерттеу нәтижелері баяндалады. Х.Ә. Болғанбаев 1924-1928 жылдары Петропавл губерниялық халық ағарту бөлімінде меңгеруші, кеңес партия мектебінің мұғалімі қызметтерін атқарды. Архив деректерінде оның Петропавл губерниялық халық ағарту бөліміндегі 3 жылдық педагогикалық курста дәріскер болған кезіндегі қызметі, оқулық жазу ісіндегі еңбегі толыққанды баяндалады. Сонымен қатар, Ақмола мен Ташкент қалаларында оқушыларға сабақ беріп, ұлт зиялылары бастаған сауатсыздықты жою ісіне белсенді қатысты. Оның оқулық даярлау ісіндегі қызметіне қатысты Орынбор қаласында өткен жиында «жалпы тарих» оқулығын жазу міндеті жүктеледі. Х. Болғанбаевтың ағартушылық қызметіне қатысты ҚР ОМА қорындағы құжаттарды талдау, хронологиялық әдіс арқылы архивтік құжаттарға кезеңдер бойынша сипаттама жасалады. Әсіресе, алаш қайраткерінің өмірі мен ағартушылық қызметіне қатысты жекелеген зерттеушілердің еңбектеріндегі естеліктер мен жеке зерттеулер жинақталып, бір жүйеге келтіріледі. Сонымен қатар, Х. Болғанбаевтың өмірі мен ағартушылық қызметіне қатысты «тұлғатану», «ғұмырнама» бағытындағы жүргізілген зерттеу нәтижелері мақалада жан-жақты қарастырылып, нақты мәліметтер ұсынылады.     

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садыков Т.С. і Елкей Н.Е. 2024. ХАЙРЕТДИН БОЛҒАНБАЕВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ (АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.030.