Бұл мақалада Қазақ халқының ағаш өңдеу және ағаш ою өнері халқымыздың заттық және рухани мәдениеті қарастырылады. Археологтар Қазақстанның көне жерлеу орындарын қазу кезінде сол кездегі түрлі шаруашылық бұйымдармен қатар қоныстардан тас, темір, қола, ағаштан жасалған сәндік бұйым-дарды кездестірген. Қазақстан территориясында VI ғасырлар жататын қалалар туралы мәліметтер келтіреді. Зерттеушілердің пайымдауынша қалалардың орналасу әр келкі, белгілі бір тәртіп сақталмаған.
Зерттеу барысында қарастырып отырған кезеңде ағаштан құрастырылған жерлеу орындары, ағаштан ұқсатылған бізге беймәлім жыртқыштардың сұлбалары табылған. Бесшатыр, Есік, Пазырық қорғандары-нан сырты жұқа алтын қабыршақпен көмкерілген бұйымдар.
Қазақстандағы музейлердегі зерттеуші-суретші ретінде қарастырып, осы күнге дейінгі сақталған ағаш бұйымдардың ұқсатылған, оймышталған, ою-өрнектердің орналасуы сараланады.
Археологтардың зерттеу нәтижесінде – тұрғын үйлер, қорым, жерлеу ғұрыптарна байланысты бұйымдар, тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ, шарушылыққа қатысты бұйымдар да негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Зерттеу нысандары болып музей, кейбір тұрғындардың қолында бар бұйымдардың қазіргі таңда сақталуы, қолдану аясы сөз болмақ.
Қазба кезінде табылған ежелгі бұйымдардың атауы, қолдану аясы, шеберлердің құрал-жабдықтары қарастырылады. Ағаштан ұқсатылған ғұрыптық бұйымдардың сол дәуірде өмір сүрген адамдардың діни наным-сені қарастырылады.
Мысалға алатын болсақ ағаш бұйымдардағы таңба, қашалып салынған суреттер, тұрмыстық композиция көп нәрсені байқауға болады, бояу түстері кездейсоқтық емес. Осы қарастырып отырған мәселе оймыштау өнерін зерттеу тарихын талдау және олардың зерттелу дәрежесін бағалау, түсіну, ескі жәдігерлерді қалпына келтіру, әрі зерттеудің негізгі мәселелері мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада ою-өрнектің орналасуы, бояу түстері, оймыштау өнері тұтас, қазақтың заттық мәдениетін барынша ауқымды қарастыру.
КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ АҒАШ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОЙМЫШТАУ ӨНЕРІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жарияланған December 2023
100
59
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
оймыштау өнері, қорым,таңба, қашау, композиция, жәдігер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Bekeshov, S. 2023. КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ АҒАШ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОЙМЫШТАУ ӨНЕРІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.026.