Араб және парсы тіліндегі ортағасырлық қолжазбалар Қазақстан тарихының мемлекеттік, этникалық қалыптасу кезеңін қамтитын негізгі дереккөздердің қатарына жатады. Аталған қолжазбаларда Қазақ хандығының саяси-рухани және әлеуметтік-этникалық даму мәселелері жан-жақты қарастырылған. Бұл мақалада араб жән парсы парсы тіліндегі ортағасырлық қолжазбалардың қазіргі зерттелу ахуалы мен мәселелеріне талдау жасалынған. Қазіргі таңда отандық тарих ғылымында қолжазбаларды зерттеудегі негізгі міндеттердің санатына қолжазбаларды электронды сақтау мен сапалы аудару жұмыстарының енетіндігін пайымдаймыз.
Қолжазбаларды каталогтау, сандастыру жұмыстары кітапханалар мен арнайы орталықтарда жалға-сын табуда. Осы тұрғыда соңғы жылдары ұйымдастырылған арнайы ғылыми орталықтардың жұмыста-рына ерекше мән береміз. Ал, дереккөздерді қазақ тіліне аудару және деректанулық талдау істерінде бірқатар сұрақтар орын алуда. Бұл бағыттың болашақтағы нәтижелеріне араб және парсы тіліндегі мамандарды даярлаудың және ынталандырудың маңызды екендігін түсінеміз.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихынан хабар беретін ортағасырлық қолжазбаларды алыс және жақын шет мемлекеттердің қорларынан алып келу жұмыстары қарқынды іске асырылды. Бұл бойынша мемлекет тарапынан ғылыми жобалар қаржыландырылды және тиісті нәтижелерге қол жеткізілді. Біздің көзқарасымыз бойынша ендігі міндеттердің санатын қол жеткізілген дүниелерді дұрыс тарихнамалық талдау және пайымдау әрекеттері құрайды.