Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНАН ШЫҚҚАН КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Жарияланған December 2023

90

84

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық кезінде Моңғолия жеріне кетіп, сол жерде өмір сүрген қазақтардың тарихының қалыптасуы мен дамуына үлкес қосқан көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі мен олардың атқарған қызметтеріне қатысты мәліметтер жинақтау. Сонымен қатар, осы қоғам белсенділерінің бүгінгі ұрпақтың өміріне алып келген мүмкіншіліктеріне талдау жасау. 

Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі Моңғолия қазақтарынан шыққан қоғам қайраткерлерінің тұлға болып қалыптасуы мен дамуындағы маңызды тарихи оқиғалар оның себептерінің мәнін айқындау. Бүгінгі таңда сол кезеңдегі қайраткерлердің мемлекеттік және қоғамдық қызметтерінің рөлін бағалауда өзекті. Моңғолия қазақтары жайлы жазылған негізгі тарихи деректер мен мәліметтерді, халық арасында кең танылған ауызша әдебиеттерді сараптауға назар аударамыз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі ретінде қайғылы да қасіретті жылдардың ауырлығына қарамастан білім алып, саясатқа араласып, халқына қызмет еткен тұлағалардың қызметтік кезеңдерін зерттеуді атар едік. Әсіресе өскелең ұрпақты ұлттық мәдени болмыстарын жоғалтпауға тәрбиелеудің бір құралы ретінде қайраткерлердің өмір жолын алға тартамыз. Сол кезеңдегі қоғам қайраткерлерінің қызметін келешек ұрпақ-тың санасына дұрыс жеткізе білу олардың бойындағы рухани құндылықтарды байыта түсетіндігі анық.

Зерттеудің нәтижесінде Моңғолия қазақтарының қалыптасу тарихында қызмет жасаған тұлғалардың игі істері зерттелді. Сонымен бірге, осы қайраткерлердің ізін жалғаушы қазіргі ұрпақтың оларды дәріптеу жұмыстарына баға берілді. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байсарина K., Нұржан і Токишкадыров 2023. МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНАН ШЫҚҚАН КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.002.