Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Жарияланған April 2024

47

66

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Аңдатпа

Қазіргі кезде ғалымдардың кәсіпкерлік тарихын зерттеуге деген қызығушылығы оның ғылыми өзектілігі мен әлеуметтік тәжірибенің қажеттілігінен туындап отыр. Қоғам мен ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде кәсіпкерлік тарихы әлемнің құрамдас бөлігі ретінде біршама белсенді түрде зерттелді, бірақ басқа кезеңдерде бұл тақырып зерттеу саласының шеңберінен шығып кетті. Бұл тарихи жағдайдың дамуымен, қоғам туралы білімнің жаңа қағидаларының пайда болуымен, кәсіпкерлікті зерттеудегі тұжырымдамалық көзқарастардың өзгеруімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік ойдың орталық тақырыптарының бірі ретінде, қоғамның әлеуметтік құрылымының құрамдас бөліктерінің әрқайсысының біртұтас қарама-қайшы жүйе ретінде өмір сүруінің ұтымды моделін іздеуге арналған зерттеулер басымдылық танытып отыр. Оның төңірегінде саясаттану, философияда, әлеуметтану, экономика, мәдениеттану сияқты әртүрлі ғылымдарда пікірталастар жүргізілуде. Олардың талқылауына кейінірек тарихшылар да қосылды. Бұған кәсіпкерлік мәселелері бойынша жинақталған тарихи эмпирикалық материал арасындағы әдіснамалық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі және осы материалдың тұтас теориялық қорытуының және осы құбылысты түсіну әдістемесінің жоқтығы себеп болып отыр. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасу тарихын зерттеу маңыздылығы кәсіпкерліктің қоғамдағы орны мен рөлін анықтаудағы оңтайландырылған көзқарасты қалыптастыру қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар жаңа, бұрын талқыланбаған мәселелерді тұжырымдаумен де байланысты.      

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мәми, А., Дукенбаева З.О. і Муталова Д.С 2024. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.021.